astana-view

Отандық жеңіл өнеркәсіп саласы шетелдік тауарларды ығыстыруға дайын

2018 жылғы 18 Маусым
4217 просмотров

«Жасампаз» консорциумы 100% жергілікті үлесі бар тауар дайындауға ынталы

Консорциумның 2 жылдағы жұмысында Қазақстанның бүкіл жеңіл өнеркәсібіндегі кейбір түйткілді мәселелерді шешу, оның ішінде импорттық шикізат пен материалды пайдалануды азайту, әскери құрылымдарға контрафактілі өнімді «Қазақстанда жасалған» деп көрсете отырып жеткізуге тосқауыл қою, мемлекет қаржысын тиімді жұмсау және еліміздегі жалпы ішкі өнімді арттыру аясында бизнес тарапы топтаса алды.

Бұл туралы консорциум көшбасшысы Сәуле Шәуенова «Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі» форумында жасаған баяндамасында хабарлап, 2017 жылы консорциум жергілікті қамту үлесін 60%-ға дейін жеткізе алғанын, 2015 жылы тек шетелдік өндірістің шикізаты қолданылғанын атап өтті.

Консорциум жұмысындағы елеулі нәтиженің бірі түйткілді екі жобаны оңалту болды – Шығыс Қазақстан облысындағы «Нимэкс Текстиль» ЖШС мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы «OXY Textile» ЖШС. Нәтижесінде консорциум кәсіпорындары «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ алдында 701,85 млн теңгеге және «Қазақстанның даму банкі-Лизинг» АҚ алдында 2 503,36 млн теңгеге қайта қаржыландырылды, осылайша «Жасампаз» консорциумының бірлескен жұмысы мемлекеттік бюджетке 3,2 осыған дейінгі 3,2 млрд теңгеден астам мәселелі қаражатты қайтарды.

«Қазақстанда жасалған» белгісімен шығарылған өнімді ілгерілету үшін «Жасампаз» консорциумы мақталы, аралас және синтетикалық материалдары өндірудің технологиялық тізбегін жасауға бағыт алған. Озық технология базасында жаңа өндіріс пен бәсекеге қабілетті өнім түрлерін жасай отырып, тігін, тоқыма және аяқ киім өнімінің өндірісін жергілікті жерде дамыта отырып әрі бірлестіре, сондай-ақ «UTARI», «Zibroo design», «DalaTex» сынды отандық бренді таныта отырып, консорциум дайын өнімді әлемдік нарыққа бағыттайды.

«Былтыр «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және салалы министрлікпен бірлесіп, 2017-2021 жылдарға арналған саланы дамытудың жаңа Жол картасы таныстырылды, қазіргі таңда сәтті жүзеге асырылып отыр. Бағдарламада негізгі үш бағыт бар: саланы шикізатпен қамтамасыз ету, сұнда отандық шикізат базасын дамыту қарастырылған, жергілікті шикізат өндірісі бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру және саланы технологиялық жаңғырту», – деп атап өтті Сәуле Шәуенова.

Жол картасын жүзеге асыруға отандық кәсіпкерлердің жеке инвестициясы есебінен 16,5 млрд теңгеден астам сомада қаржы қаражаты қатыстырылады, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру процесінде еліміздің әр қаласында 1600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады

Қазіргі таңда консорциум құрамында отандық жеңіл өнеркәсіп саласының 51 кәсіпорны – мемлекеттің қажеттілігін жүзеге асыруға арналған ұзақмерзімді жоба бойынша мата, фурнитура дайын өнім шығарушылар бар. Барлық компаниядағы жұмысшылардың жалпы саны 5,5 мың адамнан асады. Консорциум қатысушылары бюджетке түсетін салықты 65%-ға арттырды. Сондай-ақ компаниялар Кедендік одақ пен Еуропалық одақ елдеріне экспортқа шықты.

Бір сөзбен айтқанда консорциум 2 жылдық жұмыста ұзақмерзімді келісімшарт талабында экономикалық модель ретінде өзінің табыстылығын дәлелдеді және осыны экономиканың басқа да салаларында енгізу ұсынылады.

Еске салсақ, форум «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезі қарсаңында өтті. Оған «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастықтар мен кәсіпорындардың басшылары қатысты. Барлығы 300 адам өңдеу өнеркәсібі мәселелерін талқыға салды.

Форум барысында «Атамекен» ҚР ҰКП мен «Самұрық-Қазына» Қоры арасында өзара қарым-қатынас туралы Келісім және «Атамекен» ҚР ҰКП, «Самұрық-Қазына» Қоры және ҚР Инвестициялар және даму министрлігі арасында жобалық кеңсе құру туралы Келісім жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер