astana-view

Танымал блогер «ALTYN OIMAQ» байқауына қолдау білдірді

2019 жылғы 29 Наурыз
2007 просмотров

«ALTYN OIMAQ» байқауы ауқымын кеңейтіп келеді

Байқау туралы көп адам естіп, қолдау білдіруде. Қолдаушылар қатарында танымал блогер, тележүргізуші Тәңірберген Бердоңғаров бар. Блогер жиі отандық брендтерді таңдайды. Мәселен, Тәңірберген Бердоңғаровқа қарағандылық дизайнердің «OTAN» брендімен жасалатын қол сағаттары ұнайды.

 «Ұзақ сапарларда, шетелдік іссапарларда, келіссөздерде бизнес серіктестеріміз қолымдағы елтаңбамен көмкерілген сағатты көргенде: «Бұл сағат қай елде жасалған?» деп сұрайды. Мен мақтанышпен: «Қазақстанда!» деп жауап беремін. Отандық дизайнерлеріміздің саны артып келеді, егер сен олардың бірі болсаң, әрекет ет!», – деп үндеу тастады қазақстандық дизайнерлерге Тәңірберген Бердоңғаров.

Естеріңізге салсақ, «Атамекен» ҚР ҰКП бәсекеге қабілетті отандық брендтерді құруға дайын кәсіпқой дизайнерлердің жаңа буынын  анықтауға бағытталған байқауды жариялады. Байқау жеңіл өнеркәсібі саласын ары қарай дамытуда мүдделі тараптардың күшін біріктіретін болады.

 Байқауға қатысу жайында толық ақпаратты www.altynoimaq.fundwomen.kz немесе www.atameken.kz сайттарынан, сонымен қатар Instagram-дағы @altynoimaq ресми парақшаға https://www.instagram.com/altynoimaq/?hl=ru және Youtube-канал-ға жазылып білуге болады.

Байқауға қатысу үшін www.altynoimaq.fundwomen.kz сайтында тіркеліп, қатысушының бейне үндеуі және эскиздер мен фото суреттерді жүктеу қажет. Қатысушыларға арналған аталымдар: 

1. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны»;

2. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны»;

3. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны»;

4. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны»;

5. «Ұлттық әшекейлердің үздік дизайны» және «спорт аяқ киімінің үздік кастом-дизайны».

 «ALTYN OIMAQ»  байқауы үш кезеңде өтеді:

Бірінші кезең – өтінім қабылдау мен Комиссияның іріктеуі

1 кезеңнің 1-бөлімі – 4 наурыз басталуы, 15 мамыр – өтінімдерді қабылдау тоқтатылады.

1 кезеңнің 2-бөлімі – 10 маусым – басталуы, 15 қыркүйек – өтінімдерді қабылдау тоқтатылады.

Екінші кезең – қоғамдық онлайн-дауыс беру.

Үшінші кезең – Байқаудың Бас жүлдесін алуға лауреатты анықтау.

Байқаудың әр қатысушысы бір немесе екі аталымға (артық емес) қатысуға өтінім беруге құқылы. «ALTYN OIMAQ» байқауы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты 2019 жыл желтоқсанда өтеді. Іс-шара аясында іскерлік бөлім, жәрмеңке, дефиле, семинарлар мен шеберлік сабақтары өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер