astana-view

«ALTYN OIMAQ»: Отандық дизайнерлер үздік нұсқаларды ұсынады – Майя Бекбаева

2019 жылғы 29 Наурыз
3212 просмотров

4 наурыздан  Қазақстанда «ALTYN OIMAQ» байқауы басталды

Байқау отандық дизайнерлерді қолдау, жаңа есімдер мен бәсекеге қабілетті брендтерді танытуға бағытталған. Қазіргі таңда байқауға қазақстандықтар қолдау білдіруде, олардың ішінде танымал тележүргізуші Майя Бекбаева бар.

«Түсірілім алаңында киімім ыңғайлы әрі әдемі болуы керек. Сіздер шетелдік брендтерге ғана сенім артуға болады деп ойлайсыздар ма? Олай емес! Кейде үздік нұсқаларды танымал, аса танымал емес отандық дизайнерлер ұсынады. Егер киім дизайны арманыңыз болса, арманыңыздың орындалуына бар күш-жігеріңізді салуға дайын болсаңыз, онда іске сәт! Мүмкін, дәл сіз «№1 бренд» атанасыз», – деп тележүргізуші байқауға қолдау білдірді.

Естеріңізге салсақ, «Атамекен» ҚР ҰКП бәсекеге қабілетті отандық брендтерді құруға дайын кәсіпқой дизайнерлердің жаңа буынын  анықтауға бағытталған байқауды жариялады. Байқау жеңіл өнеркәсібі саласын ары қарай дамытуда мүдделі тараптардың күшін біріктіретін болады.

 Байқауға қатысу жайында толық ақпаратты www.altynoimaq.fundwomen.kz немесе www.atameken.kz сайттарынан, сонымен қатар Instagram-дағы @altynoimaq ресми парақшаға https://www.instagram.com/altynoimaq/?hl=ru және Youtube-канал-ға жазылып білуге болады.

Байқауға қатысу үшін www.altynoimaq.fundwomen.kz сайтында тіркеліп, қатысушының бейне үндеуі және эскиздер мен фото суреттерді жүктеу қажет. Қатысушыларға арналған аталымдар: 

1. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны»;

2. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны»;

3. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны»;

4. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны»;

5. «Ұлттық әшекейлердің үздік дизайны» және «спорт аяқ киімінің үздік кастом-дизайны».

 «ALTYN OIMAQ»  байқауы үш кезеңде өтеді:

Бірінші кезең – өтінім қабылдау мен Комиссияның іріктеуі

1 кезеңнің 1-бөлімі – 4 наурыз басталуы, 15 мамыр – өтінімдерді қабылдау тоқтатылады.

1 кезеңнің 2-бөлімі – 10 маусым – басталуы, 15 қыркүйек – өтінімдерді қабылдау тоқтатылады.

Екінші кезең – қоғамдық онлайн-дауыс беру.

Үшінші кезең – Байқаудың Бас жүлдесін алуға лауреатты анықтау.

Байқаудың әр қатысушысы бір немесе екі аталымға (артық емес) қатысуға өтінім беруге құқылы. «ALTYN OIMAQ» байқауы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты 2019 жыл желтоқсанда өтеді. Іс-шара аясында іскерлік бөлім, жәрмеңке, дефиле, семинарлар мен шеберлік сабақтары өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер