astana-view

«ALTYN OIMAQ» қатысушылары: Сурет пен тігуді ұштастырған Гүлзира Қазиева

2019 жылғы 29 Сәуір
1405 просмотров

«ALTYN OIMAQ» байқауының қатысушысы Гүлзира Қазиева жастайынан сурет өнеріне баулып өсті. Гүлзираның әкесі суретші. Осы өнерді әкесі сурет салып жатқанда, қасында ойнап жүріп, көріп үйренген 

«Әкем колxоздың суреттерін салып, көп еңбектенетін. Сурет өнері қанмен берілді десем қателеспеймін. Анам дәрігер, әрдайым маған қолдау көрсетеді. Жұмыс бабымен үй шаруасына, бала тәрбиесіне қолым тимей жатқанда көмекшім. Анамның тігін машинасы болатын, оны ешкімге ұстатпай бір бұрышқа жинап қоятын. Анам жұмысқа кеткенде 5-6 оқитын мен ешкімге көрсетпей ұрланып жүріп, тігуді үйреніп алдым», – дейді дизайнер.  

«Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» демекші, Гүлзира дизайнерлікке  осылай келді.

Отбасындағы өнеге Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының «Декоративті өнер және дизайн» факультетінде білім алумен жалғасты. Жас маман оқу бітіргеннен кейін «Алматы кілем» немесе алматылық мақта-мата комбинатына жұмысқа тұруды жоспарлап жүрді. Бірақ диплом алған жылы аталған кәсіпорын жабылып қалды. Сосын жарнама агенттігіне орналасып, кешқұрым тігін тігумен айналысуға тура келді.

Осындай еңбек жолы бүгін жемісін беруде. Гүлзира Қазиеваның киімдері Қазақстан мен жақын шетелде сұранысқа ие.

«Біраз отандық жұлдыздар сахнаға мен тіккен киімдермен шығады. Италия, Түркия, Швейцария, Моңғолия елдерінен де тапсырыстар болып тұрады. Қазір бүкіл табысымды өз брендімді жетілдіруге жұмсаймын. Өзіме ештеңе сатып алмасам да жаңа матаға тапсырыс беріп, я болмаса, сырт елден ерекше фурнитура аламын.  Сапасы жақсы маталардың бағасы да қымбат болады», – дейді Гүлзира Қазиева.

Дизайнер үнемі ізденіс үстінде жүреді, бизнестен бастап тігіншілік туралы кітаптарды жиі оқып, білімін жетілдіруге асығады.   

«Менің ұстанымым – матаға ақша үнемдемеу, өйткені тауардың түрі оның сапасына байланысты. Арнайы білімім болғаннан кейін киім мен онда бейнеленген өрнектердің жалпы композициясы, динамикасы, статикасы мен түсінің үйлесімді болуын қадағалаймын», – дейді дизайнер.

«Мақсатым – қарапайым xалыққа қолжетімді бағамен, әдемі, сапалы, ұлттық нақыштағы киім ұсыну, Қазақстанда және бүкіл дүние жүзіне танымал болу. Қазақ xалқының оюларын келешек ұрпаққа әдемі насиxаттап, қызықтыра білсем деймін», – дейді  «ALTYN OIMAQ» қатысушысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер