astana-view

«ALTYN OIMAQ» қатысушылары: Айжан Колчина, «Дамский Угодник» арт-ательесінің жетекшісі

2019 жылғы 03 Мамыр
2914 просмотров

Оның хиқаясы сонау өткен жылдардан басталады. Айжан жасында-ақ өскенде кім болатынын білген. Барлық қыз бала секілді ол анасымен бірге қуыршақ, көйлек суретін салатын

«Бүгінде менің студиямда макияждан бастап, шаш үлгісі, аксессуарлар, тіпті жеке тапсырыспен тігілетін кешкі сәнді киім мен той көйлектерге дейін жасалып, кез келген мерекелік шараға толық дайындалуға болады. Ата-анам облыс пен ел аумағында танымал музыканттар. Әпкем екеуміз бала кезден сахна шымылдығының арғы бетінде жүріп, музыка мен өнерге махаббатты бойымызға сіңіре өстік. Студиямды ашпас бұрын, 10 жыл бойы визажист болып жұмыс істеп, сұлуларды тойға әзірлеумен жүрдім. Сонымен қатар киім дизайнымен де айналыстым. Бастапқыда тапсырыстарды үйден қабылдап жүрдім, кейін тар бола бастаған соң, «Дамский Угодник» арт-ательесін аштым», – деді дизайнер.

Дизайнердің айтуынша, шығармашылық салада күнде бір қызық болып тұрады. Келетін әрбір қонақтың өз қызығы болады. Әрқайсысы қайталанбас бір тұлға, сонысымен де ерекше.

«Бастан кешкен есте қаларлық оқиға, студияда жарнамалық түсірілім барысында болды. Ер адам образында болған мен, тайып кетіп үстелден құладым. Ал пішуге арналған үстелдер өте биік болады. Сол сәтте  аспандағы жұлдыздардың қаншалықты жақын болатынын көрдім», – дейді Айжан.

Айжан Колчинаның дизайнерлік топтамалары бірегей, ол жұмыста қанық түстерді пайдаланғанды жақсы көреді. Әр бұйымда ерекше пішін, фактура, мінез байқалады. Ал киімдерге тігілген әр моншақ пен әшекей киім үлгісіне ерекше акцент береді.  Дизайнер жаңа тенденцияларды, үлкен идеялардың бастамасын жастарға насихаттау керек деп санайды.

«Мәселелер бәрімізге ортақ деп ойлаймын. Жұмысшылар мен құбылмалы валюта бағамы. Матаның бағасы бағам көрсеткішіне тікелей тәуелді. Масс-маркетті қазақстандық тауармен толық қамту әзір мүмкін емес шығар. Бірақ бұл іс жастардың қолында. Еген сән индустриясын көтеріп, жас буынның перспективті жоспарлары мен идеяларын көрсетсек, бұл елімізді жаңа фешн-деңгейге алып шығады деп ойлаймын», – дейді Айжан.

Айжан Колчинаның «ALTYN OIMAQ» байқауына көзқарасы ерекше

«Мен байқауларды жарыс, ойын немесе лотерея деп қабылдаймын. Ойымша, еш нәрсені қатты жақын қабылдамау керек. «ALTYN OIMAQ» байқауының бір ұнағаны, бұл байқау тек  астаналықтар ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның әр түкпіріндегі дизайнерлер мен шеберлерге өз есімін елге танытуға мүмкіндік береді. Байқаудың Инстаграмдағы күнделіктерін қарасақ, елімізде талантты адамдардың көп екенін көреміз», – дейді дизайнер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер