astana-view

«ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР заңы

Құрметті кәсіпкерлер, қауымдастықтардың жетекшілері, «Атамекен» ҚР ҰКП-ны реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшелері!

 Төменде көрсетілген сілтеме арқылы Жол картасымен танысуға болады. Сонымен қатар, онда жұмыс топтары, қауымдастықтардың мүшелері, қоғам қайраткерлерінің «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңына өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстарымен қоса салыстырмалы кесте жарияланған. Құжаттармен танысып, өз ұсыныстарыңызды беруді сұраймыз.

 Ұсыныстар мен ескертпелерді кесте (үлгі) түрінде толтырып,  o.nurpiisov@atameken.kz поштасына жіберу қажет.

 Құжатты қарау мерзімі шұғыл екенін ескертеміз! Жарияланған күннен бастап 15 күн беріледі.

«АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП ТУРАЛЫ ЗАҢ БОЙЫНША САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

«АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП РЕФОРМАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОЛ КАРТАСЫ

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заң 2013 жылғы 4 шілдеде № 129-V нөмірімен қабылданды.

 Құжат ҚР-да кәсіпкерлікті дамыту бойынша барлық бағытты қамтитын 7 тараудан тұрады. Заң экономиканың негізгі бағыттарын дамытуды көздейді және «Атамекен» ҰКП-ның кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдігі, құқығы мен заңды мүддесін қорғау жөніндегі, қоғамдық мониторинг жүргізу, кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуды ұйымдастыру, отандық өндірісті қолдау және жергілікті қамту үлесін арттыру, мамандарды дайындау, қайта дайындау, біліктілігін арттыру, сертификаттау және аттестаттау, экономика және техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін дамыту, инвестициялар тарту және ұлттық экономиканы әртараптандыру саласындағы функцияларын айқындайды.

 «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» қолданыстағы заң

Еншілес ұйымдар

Серіктестер