astana-view

Тараз бизнесмендерінен пара алатын кімдер?

2016 жылғы 30 Маусым
- Жамбыл облысы
6564 просмотров

Өңір кәсіпкерлері сыбайлас жемқорлық тамыр жайған мемлекеттік органдарды атады

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтің қатысуымен Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының өңір кәсіпкерлерімен өткен есептік кездесуінде «Іскерлік климат» рейтингісінің қорытындылары шығарылды.

Қатысушылар облыстағы сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін талқылады. «Тәуелсіз «Іскерлік климат» рейтингісінің мәліметтері бойынша Жамбыл облысы 9-орында тұр, өткен жылы өңір төртінші орында болған еді», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің директоры Ербол Өстеміров. Оның айтуынша, әкімшілік реттеу бойынша Жамбыл облысы 16-орында, мемлекеттік қолдауға келер болсақ, ол көрсеткіш бойынша облыс 6-орында, «Жылжымайтын мүлкік пен инфрақұрылым» көрсеткіші бойынша өңір 9-орынға табан тіреген, адами ресурстар бойынша 16-шы, ал қаржылық ресурстар бойынша 8-орындарға тұрақтаған.

Одан бөлек, бизнестің көзқарасы бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейі талданды. Сонымен, жамбылдық кәсіпкерлердің пікірінше, сыбайлас жемқорлық кеңінен таралған салық қызметі органдары (респонденттердің 45,1 %-ы), сондай-ақ кәсіпкерлер ТЖ мен СЭС органдарын атады. «Өңір кәсіпкерлерінің пікірінше, мемлекеттік органдар тарапынан қайта өңдейтін кәсіпорындар мен құрылыс саласындағы бизнесмендерге көбірек қысым көрсетіледі»,– деп ойын қорытындылады Ербол Өстеміров.

Баршаға аян, «Іскерлік климат» шеңберінде Қазақстандағы көлеңкелі экономика жағдайына талдау жүргізілді. Жамбыл облысының жалпы кәсіпорындарының көлеңкелі кәсіпорындар үлесі 42%. Көлеңкелі айналым бойынша өңірдегі көлеңкелі экономиканың тереңдігі 15%.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер