astana-view

Нұржан Әлтаев ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды

2017 жылғы 08 Қараша
8157 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымында Нұржан Әлтаев Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеуге белсенді атсалысқан. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында отандық тауар экспорты, ШОБ дамуы мен сауда саласы бойынша мәселелермен айналысқан болатын.

Айта кетелік, Иран мен Біріккен Араб Әмірліктері нарықтарына қой етін тасымалдау туралы келісім мал шаруашылығы саласындағы жемісті нәтиже болды. Мұздатылған қой етін Қытайға экспорттау бойынша келісімге қол қойылды. Бұдан бөлек қазақстандық шаруалары енді өз өнімдерін Zoodel сынды электронды нарыққа шығаруға және әлемдік Wal-Mart бөлшек желі арқылы тауарларды өткізуне мүмкіндік алды.

Нұржан Әлтаев, сонымен қатар Агробіліктілік орталығына жетекшілік етті. Орталықтың міндетіне АӨК саласында сала бойынша үздік қазақстандық және шетелдік сарапшыларды тарту арқылы кәсіпкерлерді оқыту кіреді. Соның нәтижесінде шаруа қожалықтары базасында 800-ден астам семинар өткізіліп, 14,5 мың адам оқудан өтті. Олар агро саласындағы білімдерін тәжірибеде сәтті пайдаланып отыр.

«Атамекен» – бұл өзінің идеялары мен әлеуетін жүзеге асырғысы келетін адам үшін сүбелі әлеуметтік саты. Өңірдегі жігіттерге әдетте белігілі талаптардан өтуге оңай болмай жатады. «Атамекен» –   жұмысын аудан орталығынан бастаған белсенді азаматқа жоғары деңгейге көтеріліп, кәсіби деңгейге шығуға мүмкіндік беретін бірегей ұйым», – деді Нұржан Әлтаев.   

Нұржан Әлтаев «Атамекен» ҚР ҰКП басшылығы мен ұжымына берге атқарылған жемісті жұмыс пен бизнесті қолдауда жоспарларды жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.

 «Атамекенде» жиналған тәжірибе баға жетпес. Мен Ұлттық палата басшылық құрамы мен қызметкерлерімен етене жұмыс істегенімді мақтан тұтамын. Мұнда білім мен біліктілігімді ұштадым. «Атамекен» АӨК-тің шынайы көрінісін байқауға, әлеуетті бағалауға, кәсіпкерлер мен шаруалардың мұқтаждығын білуге мүмкіндік берді», – деді Нұржан Әлтаев.

 Өмірбаяны:

1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

 «Қайнар» университетін (1999 ж.), Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік университетін (2004 ж.), Академиялық инновациялық университетін (2012 ж.) тәмамдаған.

 Еңбек қызметін 2003 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттер мәселелері жөніндегі проректоры қызметінен бастаған.

 2004-2007 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халықаралық құқық департаментінің жетекші маманы қызметін атқарған.

2007-2010 жж. - «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ менеджері, бас менеджері, Басқарма мүшесі - Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі. 2010-2011 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы.

2011-2012 жж. - «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығының Бас директоры.

2012-2013 жж. - «ОҚО кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС директоры.

2013 жылдың қазан айынан 2014 жылғы наурызға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры қызметін атқарған.

 2014 жылдың наурызынан бастап – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары.

ҚР ІІМ «Құқық қорғау органдарында жақсы қызмет көрсету үшін» медалі (2017ж.)

 «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011 ж.)

 «Ісіне адалдығы үшін» ІІІ дәрежелі медалі – экономика мен жеке кәсіпкерлікті дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін

 «Батыр Шапағаты» медалі (2014 ж.)

 «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдарының қазақстандық ассоциациясының 10 жылдығына арналған медаль

 «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016 ж.) 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер