«Жергіліктіден жаһандыққа» инвестициялық форумы!
Бизнесіңізді халықаралық деңгейге қалай шығарып, инвесторларды тартуға болады? Бұл сұрақтың жауабын инвестиция және бизнес форумынан таба аласыз!
4 сәуір | Sheraton Astana Hotel 5*
Спикерлеріміз:
Адам Гали – Инвестор және кәсіпкер. Жаһандық нарыққа табысты шығудың құпияларымен бөлісіп, қызықты инвестициялық жобалармен таныстырады.
Жаннат Сарқұлова – Қызметкерлерді іріктеу жөніндегі сарапшы. БАӘ-де жұмыс істеудің барлық қыр-сырын түсіндіреді.
Айман Ескараева – Құқықтық мәселелер жөніндегі маман. Бизнесті заңды түрде жүргізу және қателіктерден аулақ болу жолдарын баяндайды.
Ирина және Александра Харитоновалар – ESG тақырыбын ашып, бұл бағыттағы табыс көздері туралы айтады.
Ділдә Смағұлова – Табысты стартаптардың құпияларын бөлісіп, зияткерлік меншікті ілгерілету және халықаралық нарықтардан инвестиция тарту мәселелерін талқылайды.
Қазақстандағы бизнес пен инвестицияға арналған ең күтілетін іс-шараны жіберіп алмаңыз!
Тіркеліп, құнды білімді тікелей сарапшылардан алыңыз!
Ақпараттық серіктес – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы