astana-view

Кәсіпкердің құқығы бұзылмауы керек

2014 жылғы 10 Қыркүйек
2048 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері еліміздің барлық өңірін аралауды жоспарлап отыр. Бұл мәселе бүгін аталған палатаның жанындағы кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің отырысында көтерілді.

Кеңес төрағасы Ғани Қасымовтың айтуынша, алқалы басқосу тұрақты өткізілсе, кәсіпкерлердің көкейінде жүрген түйткілдерді жүйелі түрде шешу болады.

Сондай-ақ, палата мүшелері алдағы уақытта субсидия беру мен жер қатынастары және мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтарға сараптама жасауды қолға алмақшы.

Дерекнамасы: Қазақстан


Еншілес ұйымдар

Серіктестер