astana-view

Кәсіпкерлердің адымын аштырмай отырған шенеуніктердің аты аталмақ

2014 жылғы 10 Қыркүйек
2290 просмотров

Атқамінерлерді ел алдында ұятқа қалдыруға бизнесмендердің мүддесін қорғайтын ұлттық кәсіпкерлер  палатасы кіріскелі отыр. Себебі  жергілікті жердегі әкімдер кәсіпкерлерге қысым көрсетіп, берген жерлерін қайта тартып алып жатыр екен.

Кәсіпкердің берген жерін тартып алуға машықтанғандардың бірі Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімі – жақында ғана қызметінен қуылыпты.   Ал тартып алған жерді тендерге қайта салып, әкімдікке жақын жүретін кәсіпкерлерге үлестеріп беруді әдетке айналдырған. Байқауға түсетін қалған жекеменшік компанияларға материалдық техникалық базаларың өте төмен деп жылы шығарып салып отырыпты. Тіпті мемлекеттік бюджеттен бөлінген миллиард теңге субсидия кәсіпкерлерге жетпей жатыр. Кімнің қалтасында кетіп жатқаны да беймәлім. Жергілікті әкім қараларға әлі келмеген  ұлттық палата олардың үстінен Бас прокуратруаға шағымданып та қойған. Тіпті тың бастама көтеріп бизнестің дамуына кедергі келтіріп жүрген шенеуніктердің атын атап ел алдында ұятқа қалдырмақ ойда.

Абылай Мырзахметов, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы:

- Біздің шененуіктер өкінішке орай кедергі жасаудың шебері.  Алматы облысында қаралып жатқан жер комисиясы мен бюджет комиссиясына  біздің заң жүзінде кіруімізге болады,  хат бердік. Ешқандай жауап жоқ. Мысалы, Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары  Жүнісов мырза, мына Алматы облысы Балхаш ауданының әкімі Кичимов мырза. 

Дерекнамасы: КТК


Еншілес ұйымдар

Серіктестер