astana-view

70 жастағы ақсақал кәсібін «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» кітабынан тапты

2014 жылғы 11 Қыркүйек
2491 просмотров

Қызылорда облысында жасы 70-тен асқан шиелілік кәсіпкер Сүйіндік Аманжоловтың бүгінде жобалық құны 3,6 млн. теңгені құрайтын шағын балық өсіретін тәлімбағы бар. Балық кластерін дамыту бизнес жоспарын кәсіпкер қарт "Шағын бизнеске арналған 100 жоба" кітабынан тауыпты. 

«Шағын бизнеске арналған 100 жоба» кітабы Қызылорда облысының барлық ауыл-аймағына жеткізілді. Қазіргі таңда облыстың 7 ауданында кәсіпкерлер палатасының филиалдары жұмыс жасайды. Біздің мақсат сауатты, білікті бизнесмендердің санын арттыру. Осы мақсатта аталмыш кітаптың кәсібін бастаушыларға үлкен көмекші құрал болғанын атап өткім келеді», - дейді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров.

Кәсіпкер ауылдағы 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жылдық қуаттылығы - 2,5-3 млн. шабақ өсіру, 18-20 тн. балық сату. Қазіргі таңға «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 млн. теңге грант алынып, 1 жүк көлігі, 8 шабақ өсіретін контейнер, инкубациялық аппарат алған. Сондай-ақ, карп тұқымдас балықтың 500 мың шабағы, ақ амур балығының 300 мың шабағы өсірілуде. Арал ауданынан 30 карп балығы алынды. Болашақта кәсіпкер туризмді дамытуды қолға алмақшы.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер