astana-view

70 ЖАСТАҒЫ ҚАРТ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫ ҚОЛҒА АЛМАҚШЫ

2014 жылғы 12 Қыркүйек
2599 просмотров

Жасы 70 жастан асса да шиелілік кәсіпкер Сүйіндік Аманжоловтың бүгінде жобалық құны 3,6 млн теңгені құрайтын кіші балық өсіру тәлімбағы бар. Балық кластерін дамыту бизнес жоспарын кәсіпкер қарт "Шағын бизнеске арналған 100 жоба" кітабынан тапқан.

«Шағын бизнеске арналған 100 жоба» кітабы Қызылорда облысының барлық ауыл-аймағына жеткізілді. Қазіргі таңда облыстың 7 ауданында кәсіпкерлер палатасының филиалдары жұмыс жасайды. Біздің мақсат сауатты, білікті бизнесмендердің санын арттыру. Осы мақсатта аталмыш кітаптың кәсібін бастаушыларға үлкен көмекші құрал болғанын атап өткім келеді», - дейді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров.

Отбасылық бизнесті жалғастырып отырған кәсіпкер ауылдағы 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жылдық қуаттылығы 2,5-3 млн. шабақ өсіру, 18-20 тн. балық сату. Қазіргі таңға «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 млн. теңге грант алынып, 1 жүк көлігі, 8 шабақ өсіретін контейнер, инкубациялық аппарат алған. Сондай-ақ, карп тұқымдас балығының 500 мың шабақ, ақ амур балығының 300 мың шабағы өсірілуде. Арал ауданынан 30 карп балығы алынды. Болашақта кәсіпкер туризмді дамытуды қолға алмақшы.

Дерекнамасы: BAQ.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер