astana-view

Астана әкімдігі мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы өзара меморандумға қол қойды

2014 жылғы 15 Қыркүйек
2943 просмотров

Отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Астана әкімдігі мен аймақтық кәсіпкерлер палатасы арасында консультативті-кеңесші органдардың қызметі жөніндегі әріптестік туралы меморандум бекітілді. Бұл туралы «Астана ақшамы» газеті хабарлады.

Аталған меморандумға бірінші жақтан елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов, екінші тараптан кәсіпкерлер палатасы атынан Мейірбек Мажитов қол қойды.

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов: «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылған сәттен бастап біздің байланысымыз жақсы жолға қойылған. Мемлекет бизнеске қаржы жағынан да, басқа жағынан да үлкен қолдау көрсетіп келеді. Өте көп іс-шаралар өткізілді. Жуырда ғана 1200 кәсіпкер қатысқан стартап форумы осының бір айғағы болса, онда үш мыңға жуық екі жақты кездесу, он екі  бизнес-тренинг өткізіліп, әр түрлі семинарлар мен көрмелер ұйымдастырылды. Бұл кәсіпкерліктің дамуы үшін үлкен мүмкіндік береді», – деді.

Дерекнамасы: Егемен Қазақстан


Еншілес ұйымдар

Серіктестер