astana-view

Құқықтық, салықтық және бизнес-жоспар - кәсіпкерлер арасындағы ең сұранысқа ие сервистер

2014 жылғы 15 Қыркүйек
2812 просмотров

Құқықтық, салықтық және бизнес-жоспар дайындау қызметтері - кәсіпкерлер арасында ең сұранысқа ие сервистер. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Артур Котенев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір кәсіпкерлерге жеті негізгі бағыт бойынша 564 қызмет тегін көрсетілуде.

«Біз бұл қызметтердің санын жыл соңына дейін 1200-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтер жеті негізгі бағытқа бөлінген. Олар: Бухгалтерлік және салықтық есеп-қисапты жүргізу, статистика жасау, кедендік рәсімдеу, менеджмент, маркетинг, ақпараттық технология және мемлекеттік сатып алулар саласы» - деді өз сөзінде А. Котенев.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында үстіміздегі жылы мамыр айында тендер өткізген болатын. Ондағы мақсат - шағын және орта бизнесті дамыту үшін бірқатар қызметтерді тегін көрсету.  Бір ай ішінде сервистік компаниялардан 345 өтінім келіп түскен. Солардың ішінен 29 компания іріктеп алында. Кейін палата жеті бағыт бойынша 7 компанияны таңдап алды.

Қазіргі таңда олар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» қоры жанындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қызмет көрсетуде. Бағдарлама жыл соңына дейін жұмыс істейді. Алайда Артур Котеневтің айтуынша алдағы жылы да бұл қызметтер кәсіпкерлерге тегін көрсетіледі. Енді олардың қатары ұлғаюы мүмкін. 

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер