astana-view

350 қостанайлық кәсіпкер «БЖК-2020» бойынша сервистік қолдауға ие болды

2014 жылғы 15 Қыркүйек
2229 просмотров

Қостанай облысында 350 кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында сервистік қолдауға ие болды, деп хабарлады ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

«Өңірлік кәсіпкерлер палатасы таңдап алған сервистік компаниялар қызметіне кәсіпкерлер оң баға береді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қостанай облысында ағымдағы жылдың маусым айынан бастап бизнеске қаржылық емес көмекті 5 сервистік компания көрсетті. Осы уақыт аралығында 350 кәсіпкер 500 қызметке ие болды.

«Мониторинг көрсеткендей, бухгалтерлік және салық есебін жүргізуді енгізу  үлкен сұранысқа ие. Сондай-ақ, статесеп жасау да назардан тыс қалған жоқ. Қызметтер тек облыстық орталықта ғана емес, аудандарда, филиал бар жерлерде көрсетеді. Сондай-ақ, сервистік компаниялар көшпелі түрде де қызмет көрсетеді», - деді ӨКП сарапшысы Ренат Дәулетпаев. 

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер