astana-view

Сот орындаушысы кәсіпкерден 300 мың теңгеге жуық айыппұлды заңсыз өндіріп алмақ болған

2014 жылғы 23 Қыркүйек
2492 просмотров

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы бизнесменге сот орындаушысының алдында өзінің құқығын қорғап қалуға көмектесті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Ашина Тас» ЖШС басшысы аймақтық палатаға жүгініп, сот орындаушысының заңға қайшы әрекеттерін айтып шағымданған. Сот орындаушысы аталмыш кәсіпорыннан заңсыз 290 мың теңге мөлшерінде айыппұл өндіріп алмақ болыпты. 

Алайда жергілікті кәсіпкерлер палатасының араласуымен мәселе көп ұзамай шешімін тапты. 

«Зеренді аудандық сотына сот орындаушысынң әрекетіне шағымданып, арыз жолдадық. Нәтижесінде кәсіпкердің барлық құқығы мен талаптары сақталды», - деп атап өтті Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінен. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер