astana-view

Өскемен кәсіпкерлері Еуразиялық экономикалық одақ нарығында отандық бизнестің мүддесі қорғалмайды деп отыр

2014 жылғы 26 Қыркүйек
2387 просмотров

Өскемен кәсіпкерлері Еуразиялық экономикалық одақ нарығында отандық бизнестің мүддесі қорғалмайды деп санайды. 

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, өңірлік филиалының Бизнесмендер құқықтарын қорғау кеңесінде кәсіпкерлер қазақстандық тауар өндірушілер үштік нарығында есе жіберіп отырғанын айтты. Олардың сөзінше, Қазақстан тарапынан келіссөздер жүргізетін шенеуніктер мәселенің мән-жайын білмегендіктен, келісім құжатының маңызды тұстарын назардан тыс қалдыратын көрінеді. 

Сейілжан Сайлаубаев, «Восток Молоко» корпорациясының бас директоры: 

Олар әрбір өндірістің технологиясын білулері керек. Әр өндірістің өз қыр-сыры бар, олар ортақ стандарттарды экономика мен бизнеске бейімдей білуі шарт. Ал егер де олар бұл мәселелерден хабардар болмаса, қайтып кәсіпкерлердің мүддесін қорғап қалмақ? Сол себепті біз аталмыш алаңда ұтылып жатырмыз. 

Дерекнамасы: Астана ТВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер