astana-view

Ресей-Қазақстан Іскерлік кеңесінің отырысында екі елдің ірі экспорттаушылары анықталады

2014 жылғы 26 Қыркүйек
2180 просмотров

Қазақстан мен Ресейдің XI өңіраралық ықпалдастық форумы аясында өтетін Ресей-Қазақстан Іскерлік кеңесінің отырысында екі елдің ірі экспорттаушы компанияларының тізімі жасалады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ұлттық кәсіпкерлік палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Жиналыста Қазақстан өнімін Ресейге экспорттау мәселесі, ҚР және РФ экспорттаушы ірі кәсіпорындарының тізімін жасау мәселелері талқыланады деп жоспарлауда. 

«Сондай-ақ кеңес барысында тараптар өз елдеріндегі мемлекеттік органдармен ықпалдастықтары туралы, екі жақты сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту туралы пікір алмасады», - деді Р.Ошақбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер