astana-view

Астаналық кәсіпкерлер ригалық әріптестерінің тәжірибесін бағалайды

2014 жылғы 26 Қыркүйек
2982 просмотров

Латвия астанасының мэрі Нил Ушаков пен елордалық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері Дәурен Жақсыбек пен Мейірбек Мажитовтың кездесуінде бизнес саласындағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды. 

Кездесу барысында Латвия делегациясы астаналық Кәсіпкерлер палатасының қызметімен және мақсат-міндеттерімен танысты. «Кәсіпкерлер Еуропа елдерінің жемісті тәжірибесіне бейімделеді. Отандық сервистің сапасын арттыру мақсатында Латвияның шағын және орта бизнесті дамыту саласында, сонымен қатар мейрамхана мен қонақ үй бизнесінде тәжірибе алмасуға мүдделіміз», - деді Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің өкілі Дәурен Жақсыбек. 

Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мажитов Астанада іскерлік және мәдени шаралардың жиі өткізілетінін ескере келе, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында туристерді тарту бойынша ақпарат және тәжірибе алмасу үшін бірлескен іс-шараларды өткізу бастамасын көтерді. Өз кезегінде, Нил Ушаков Риганың бизнес саласының дамуына тоқталып, Кәсіпкерлер палатасының делегациясын және туристік компаниялардың мүдделі тұлғаларын Ригаға шақырды. 

Тараптар Рига мен Астана кәсіпкерлерінің арасында сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту мақсатында Латвия Өнеркәсіптік палатасы мен Ригалық туризмді дамыту бюросының және Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасымен өзара ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол жеткізді. 

Дерекнамасы: astana.gov.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер