astana-view

Р.Ошақбаев: Атырау форумы аясында панельдік сессиялар өткізіледі

2014 жылғы 26 Қыркүйек
2543 просмотров

Қазақстан мен Ресейдің ХІ өңіраралық ықпалдастық форуымы аясында іскерлік кеңес отырысымен қатар үш панельдік сессия өткізіледі. Бұл туралы бүгін Астанада өткен ОКҚ-нің брифингінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарамасының төрағасы Рахым Ошақбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Панельдік сессиялардағы негізгі мәселелер интеграцияның қазіргі ахуалы мен ерекшеліктеріне сай ҚР мен РФ арасындағы ықпалдастық, сонымен қатар Атырау облысының географиялық ерекшеліктері төңірегінде қалыптасады. Осы сессиялардың шеңберінде КО мен ЕЭК қатысушы елдерінің сауда-экономикалық қатынастары жайлы да мәселелер талқыланады», - деді Р.Ошақбаев. 

Айта өтейік, аталған форумға алдын-ала берілген мәліметтерге қарағанда қос тараптан 140 өкіл қатысады деп күтілуде. Оның ішінде мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерін қоса алғанда Қазақстан жағынан 76 адам қатыспақ. Сонымен қатар, форумға қатысушылар «Жігермұнайгаз» ЖШС, «БатысАльянс» ЖШС, «АтырауНефтеМаш» ЖШС, «Сағат Энерджи» ЖШС мекемелерінің жұмыстарымен танысады. 

«Аталған шара екі елдің арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтып, іскерлік қатынастарды арттыруға себепші болады»,- дейді мамандар. Нәтижесінде екі елдің кәсіпкерлері біріге отырып ортақ ұстаным мен мүддеге сай жұмыстар атқармақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер