Шымкенттік кәсіпкерлер әкімдік жер бағасын көтеруіне қарсылық білдіруде
«Шымкентте бизнес иелері үшін жер бағасы екі есеге өсуі мүмкін. Бұл шағын және орта кәсібін ашудан үмітті жандарға тосқауыл болады», - дейді жергілікті кәсіпкерлер палатасының өкілдері. Жерге жауаптылар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғаушылар мәселені ортаға салды. Жер телімдеріне жасалатын төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері енгізілмек. Бұл маңызды аумақтардағы жерлерге қатысты. Қымбатшылықтың да себебі осында жатыр. Жер саласының мамандары осы арқылы қазынаға түсетін қаржының еселенеріне сенімді.
Айтуларынша, шаһардағы қымбат бағаланатын шағын аудандарда жердің құны шарықтап тұр. Кей аудандарда он соттық телім 150 мың АҚШ долларына дейін саудаланып жатыр. Шенеуніктер «мақсат - аумағы 117 мың гектарға ұлғайған шаһардағы жер құнын заңға сәйкестендіру» деп санайды.
Алтынбек Мырзаев, ОҚО Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:
Бізде қазір қаладағы орталықтағы жердің бағалары қазіргі кездегі бірінші нарықтағы сатылу бағасы мен қазіргі екінші нарықтағы сатылу бағаларының арасындағы, бағана айтып өткендей, айырмашылық 10-12 есе артыққа сатылып отыр. Осыны қазір нарықтық бағаны біз кадастрлық бағаға сәйкестендіру мақсатында сәл де болса.
Ал кәсіпкерлер мұнымен келіспейді. Бұл Елбасы баса мән беріп отырған шағын орта бизнестің дамуын тежейді, - деген пікірде. Мәселен, осыған дейін 10 соттық жері бар азамат оны коммерциялық мақсатта пайдаланғысы келсе 1 млн 275 мың теңге төлеуі тиіс болатын. Егер жаңа өзгерістер енгізілсе 2 жарым млн теңгеден астам ақша төлеуге міндеттеледі. Бұл, өзгені айтпағанда, өз үйінде тірлік істеймін дегендердің қолын байлауы мүмкін, деп санайды кәсіпкерлер.
Қали Сарманов, Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің мүшесі:
Үйінде шағын және орта бизнесті дамытып жатқан кәсіпкерлер өте көп. Ал енді бұл ставка, коэфициентті көбейту дегеніміз оларға үлкен кедергі болып есептеледі. Бұл разовый сборға келейін деп тұр. Ал егер сол кәсіпкерлікке біз көмектесетін болсақ, олар налог төлер еді. Ал коэфициенттен түскен ақшадан көрі налогтан түскен ақша көп болар еді.
Дерекнамасы: Астана ТВ
Пікір қалдыру:
Пікірлер: