astana-view

Еңбек еткеннің еңсесі биік болмақ

2014 жылғы 13 Қазан
2201 просмотров

Мүгедектер Үкіметтің берген жәрдеміне қарап отырмай, өз беттерінше табыс тапқысы келеді. Бүгін Астанадағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осындай жандарға жағдай жасады.

Палата алаңында еліміздің мүгедектер қауымдастығы көлік және логистикалық ұйымдар, Қазақстанның машина жасаушылар одағы, ҚР колледждер қауымдастығы сияқты салалық мекемелермен меморандумға қол қойды. Келісімде мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекеттің көмегінсіз кәсіптерін ілгерілету көзделген. Қазір елімізде дәл сондай кәсіпорындар саны 48. Онда 2 мыңнан аса адам еңбек етіп отыр. Дені жиһаз жасау, типографиялық өнімдер, тоқыма өнеркәсібі, металл өңдеумен айналысады. Шара барысында қатысушылар үшін сол өнімдерді паш ететін көрме ұйымдастырылды.

Исай Тезекбай, «Өрлеу» саңыраулар қауымдастығының төрағасы
- Шындығында, кейбір адамдар біле бермейді, кейбір министерствалар, ведомствалар солар көрсе, бұлардың қолынан не келеді? Содан кейін осыларға жұмыс тауып беру үшін жәрдем берсек, осыларды жұмысқа орналастырсақ, олар жұмыс істеп, айлық тапса деген жағдаймен мемлекеттік ассоциациялардың, холдингтердің көңілін инвалидтерге бөлу.

Дерекнамасы: Хабар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер