Меморандумға қол қойылды
Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Мүгедектер қауымдастығы меморандумға қол қойды. Бұдан былай бірқатар ірі компания кемтар жандарға жан-жақты қолдау көрсетеді.
Сондай-ақ, құлағы естімейтін және зағип жандардың өндірілген өнімдері көрмеге қойылды. Онда жиһаздар, типографиялық өнім, жеңіл өнеркәсіп, металл мен пластмассадан жасалған өнімдер ұсынылды. Сонымен қатар, «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың шексіздікке эволюциялық қадамы» кітабы таныстырылды.
Дерекнамасы: Қазақстан
Пікір қалдыру:
Пікірлер: