astana-view

Алматыда кәсіпкерлерге кедергі келтіретін шенеуніктер бар

2014 жылғы 13 Қазан
2022 просмотров

Алматыда кәсіпкерлерге кедергі келтіретін шенеуніктер бар. Бұл туралы шағын бизнестің құқықтарын қорғауға арналған кездесуде бизнесмендер айтты. Жыл басынан бері қалалық кәсіпкерлер палатасына екі жүзден астам арыз түскен. Оның мыңға жуығы шағын бизнесін тоқтатуға бір ғана мәселе себеп болғанын айтыпты. 

Жергілікті биліктің аялдамалардағы дүкендер мен дүңгіршектерді жабу туралы қаулысы кәсіпкерлердің көңілін күпті етті. Кезінде жалға алған жерлерін заң бойынша атына аударып алса да, атқарушы орган оларды күшпен тартып алуға кірісті - дейді кәсіпкерлер. 

Бұдан басқа қала билігінің кесірінен кәсіпкерлер банкротқа ұшыраймыз деп қауіптенеді. Қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге ие болған адамдар үшін, қалалық әкімдік 620 миллионнан астам ақшаны әлі аудармаған. Қалалық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің айтуынша, бар кінә әкімдікте емес, сонда отырған кейбір шенеуніктерде. 

Айтуар Қошмамбетов, Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары: 

Жасалып жатқан кедергілер саясаттан емес, әкімшіліктен емес, ол нақты тұлғалардан. Ол тұлғалар өз тиісті жазасын алады. Бүгінгі таңда осындай адамдардың аттарын атап, халықтың алдына шықпасақ, ертең осы жағдай өзгермейді. 

Дерекнамасы: Астана ТВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер