astana-view

Мүмкіндігі шектеулі жандар ҰКП көрмесінде өз өнімдерін таныстырды

2014 жылғы 14 Қазан
2207 просмотров

ҚР ҰКП көрмесінде 2000-нан астам мүмкіндігі шектеулі жан еңбек ететін 14 өңірдің 48 кәсіпорны өз өнімдерін жұртшылық назарына ұсынды.

«Нұр» және «Өрлеу» әлеуметтік және еңбекпен баулу ұйымы қауымдастығына кіретін кәсіпорындар металды өңдеп типографиялық, текстильді және пластмассалық бұйым мен жиһаз өндіреді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кедергісіз орта құруға белсенді ат салысуда. «Біз мүгедектердің құқықтарын сақтау мәселесіне қатысты заң жобаларын талқылауға қатысамыз. Бүгінде сіздер мүмкіндігі шектеулі жандардың өндірген өнімдерін тұтынып жүрсіздер. Орынның тапшылығынан өнімнің аз ғана бөлігі әкелініп отыр», - дейді ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеуші жандардың кәсіпорындары қауымдастығымен «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС мен салалық бірлестіктер ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Олар Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік және тасымал ұйымдары мен қауымдастықтары одағымен, Қазақстанның машина жасаушылар одағымен және ҚР Колледждер қауымдастығымен өзара бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі.

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер