astana-view

Жекешелендіру барысын бақылайтын комиссия құрылады

2014 жылғы 20 Қазан
2289 просмотров

Жекешелендіру барысын мониторингілеуге негізделген комиссия құрылатын болады. Бұл туралы бүгін ҰКП жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдар кеңесінің отырысында осы кеңестің төрағасы Азат Перушев мәлім етті.

«Жекешелендіру тек экономикалық ғана емес, сонымен қатар саяси мәнге де ие. Сондықтан бүл үрдісті барынша ашық түрде өткізу керек. Өкінішке қарай, кейбір жекешелендірген мекемелер көпшілікке жарияланбай сатылған. Осы орайда жіберген депутаттық сауалға байланысты Үкімет тарапы парламенттік бақылау комиссиясын құруға келісімін беріп отыр. Алайда, коммерциялық құпиялыққа сүйеніп, «нысандарды кім қандай бағамен және қандай шартпен сатып алды?» деген сауалға нақты жауап бермей жатыр», - деп тоқталды А. Перуашев.

Оның пайымынша, бұл құпиялыққа сүйену дұрыс емес. Себебі, бұл меншік жеке компаниялар арасындағы қарым-қатынас емес, ол халықтың меншігі мен жеке бизнес арасындағы мәселе. Бұл тұрғыдағы ақпарат барынша ашық болуы тиіс.

«Осы орайда комиссия құрылуы керек. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум мүшелері барлық фракцияларда бар. Бұл тұрғыда бұл адамдарды комиссия құрамына енгізу қажет», - деп атап өтті ол.

А. Перуашевтың сөзіне қарағанда, комиссияның құрылуына байланысты мәселе бір айдың ішінде шешілуі мүмкін.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер