Жекешелендіру жұмысын бақылайтын комиссия құрылмақ
Елімізде жүргізіліп жатқан жекешелендірудің барысын сараптап, бақылайтын комиссия құрылмақ.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің үшінші отырысында айтылды.
Кеңес төрағасы Азат Перуашев «Жекешелендірудің екінші толқыны экономикалық қана емес, саяси маңызды науқан», - деді.
«Сондықтан, оны барынша ашық өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртқа жеткізу қажет».
Дерекнамасы: Қазақстан
Пікір қалдыру:
Пікірлер: