astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қарауына ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі жаңа редакциясының жобасы келіп түсті

2014 жылғы 18 Қараша
5724 просмотров

Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексі жаңа редакциясының тұжырымдамасына сәйкес, АІК жобасын әзірлеу мен қабылдаудағы негізгі мақсат күрделілігі жөнінен әртүрлі істерді қарау тәртібі мен мерзімдерін саралау жолымен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сот қорғауының тиімділігін, судья өкілеттігін, сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі реттемелеуді, бітістіру процедураларын және дауларды шешудің баламалы тәсілдерін қолдануды жетілдіруді, азаматтық сот ісін жүргізуді бюрократиядан арылтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ мамандандырылған соттар қызметінде ұйымдастыру проблемаларын шешу жолымен соттар қызметінде техникалық құралдарды тиімді қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.

Осыған орай АІК жобасында ерекше көңіл аударылуға тиіс мынадай жаңа енгізілімдер көзделген:

1. Бірінші және апелляциялық инстанция сотында ғана дәлелдерді ұсыну мүмкіндігі (72, 412, 444 б.б.).

Сонымен бірге, дәлелдерді іске қатысушы тұлғалар ұсынады:

Бірінші инстанция сотына істі соттың қарауына даярлау сатысында, оларды соттың қарауына істі даярлау сатысында оны ұсынған тұлғалар оның ұсынылуының мүмкін еместігіне негіздеме беретін болса.

апелляциялық инстанция сотына – бірінші инстанция сотында оларды ұсыну мүмкін болмаған себептерге сәйкес негіздеме берумен оларды сұратып алу және зерттеу туралы бірінші инстанция сотында өтініш берген жағдайда.

2. Сотта бітістіру процедуралары және дауларды сотқа дейінгі реттеу институтын дамыту (17 бөлім).

Жобамен тараптардың татулық келісімін, медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім және партисипативтік процедура тәртібінде реттеу туралы келісім жасау сияқты татуласу тәсілдері реттемеленеді.

Азаматтық іс жүргізу қағидасы ретінде дауларды сотқа дейінгі реттеуді даыту мақсатында ереже бекітілді, оған сәйкес егер заңнамалық актілермен істердің белгілі бір санаты үшін кінәраттық-талап немесе өзге де сотқа дейінгі реттеу тәртібі орнатылған болса, не болмаса ол шартпен көзделсе, осы тәртіпті сақтағаннан кейін ғана сотқа жүгінуге болуы мүмкін (7 б.).

3. Істерді апелляциялық (403 б.), кассациялық 437 б.) және қадағалау (460 б.) инстанциялары сотында қарауда мемлекеттік бажды төлеу.

Сонымен бірге жобада тараптар татуласқан жағдайда мемлекеттік бажды бірінші инстанция сотында  100 % мөлшерде және апелляциялық, кассациялық және қадағалау инстанциясының соттарында 50% мөлшерде қайтару көзделген.

4. Істі соттың қарауына даярлау сатысын күшейту (16 тарау).

АІК жобасымен істі қарауға даярлау мерзімдері көбейтілді, алдын-ала сот отырысы ұғымы енгізілді, сот талап арызды қабылдағаннан кейін сот пен процестің басқа да қатысушыларының әрекеттері реттемеленді.

5.Сот актілеріне шағыну және наразылық білдіру мерзімдерінің өзгертілуі:

апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды беру мерзімі 15 күннен 1 айға дейін көбейтілді, 

кассациялық шағымдарды, наразылықтарды беру мерзімі 6 айға дейін 1-ге дейін, қадағалау тәртібіндегі наразылықтар мен өтініштер беру мерзімі 1 жылдан 3 айға дейін қысқарады.

6. Қадағалау тәртібінде сот актілерін қайта қарау үшін шектеу (453 б.).

Қадағалау тәртібінде қайта қарауға жатпайтын сот актілерінің санаттары орнатылады (жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде қаралған талаптан талап берушінің бас тартуына орай іс жүргізу тоқтатылған істер бойынша және т.б.).

7. Апелляцилық инстанция соттарында істерді қарау мерзімін 1 айдан 2 айға дейін көбейту.

8. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар тізбесі ұлғайтылды (134 б.).

Сонымен, мысалы, сот бұйрықтары шартпен қаралған мерзімде төленбеуіне орай жалға алу төлемдерін төлету туралы, жария шарт негізінде іс жүзінде тұтынылған қызметтер үшін (электр, газ, жылу, сумен жабдықтау, телефония, интернет байланыс, шоғырсымды теледидар, қатты тұрмыс қалдықтарын алып кету қызметтері) тікелей берешекті төлету туралы, сондай-ақ өзге де қызметтер талап етуі бойынша орындау мерзімі келген, орнатылған тарифтерге сәйкес қызметтер үшін берешекті төлету туралы және басқа да талаптар бойынша шығарылуы мүмкін.

Сонымен қатар АІК жобасында мынадай түзетулер көзделген:

- азаматтық істердің мамандандырылған соттарда қаралуын нақтылау (27 б.), соның ішінде, мамандандырылған ауданаралық соттарға енді қаржы ұйымын, банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын банк холдингін, және (немесе) Қазақстан Республикасы заңдарымен қарастырылған жағдайларда олар қайта құрылымдандыруды жүргізуде олардың мүлкін қайта құрылымдандыру туралы істер, жеке кәсіпкерлердің, ұйымдардың банкроттығы және оңалуы туралы істер қаралатын болады;

- талапкердің таңдауы бойынша жауапкердің тұрғылықты орны ойынша сотта қаралу мәселелерін нақтылау (28, 29 б.б.);

- процессуалдық араласу негіздемесін нақтылау (48 б.);

- жол берілетін дәлелдерді егжей-тегжейлі реттемелеу (электронды және сандық ақпараттық құрылғыларды қолдану мүмкіндігі) (64 б.);

- дәлелдеу бойынша тараптар міндеттемелерін тәптіштеу (71 б.);

- талаптан бас тартқан жағдайда сот шығындарының бөлінуін егжей-тегжейлі реттемелеу, татулық келісімі немесе медиация тәртбінде дауды (қақтығысты) реттеу туралы келісім, партисипативтік процедура тәртібінде дауды реттеу туралы келісімдер, өтінішті қараусыз қалдыру (114 б.);

- жеңілдетілген іс жүргізудің жаңа түрін енгізу – жазбаша іс жүргізу (13 тарау);

- талапты қамтамасыз ету механизмін тәптіштеу (15 тарау);

- талап ету арыздарын, хаттамаға қарсылықты, ескертуді, апелляциялық, кассациялық және қадағалау шағымдарын және наразылықтарды электронды түрде беру мүмкіндігі;

- жекелеген іс жүргізу әрекеттері мерзімдерін орнату және нақтылау.

 

Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сот қорғауының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында АІК жобасын талқылауға белсене ат салысуды сұраймыз.

АІК жобасымен мына жерде, сондай-ақ заң жобасына салыстырмалы кестемен мына жерде, қысқаша аннотациямен мына жерде танысуға болады.

Байланысушы тұлға: Л.Мерсәлімова, +7 (7172) 919 355,  l.mersalimova@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер