astana-view

Диханшылардың несиелерін өтеу мерзімін ұзарту қажет - ҚР ҰКП

2014 жылғы 28 Қазан
2422 просмотров

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің несиелерін өтеу мерзімін ұзартуға күш салмақ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев мәлім етті.

«Біз ҚазАгродан», Үкіметтен, ауыл шаруашылығы министрлігінен несиелерді өтеу мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Ол үшін «ҚазАгроның» еншілес ұйымдары Директорлар кеңесі деңгейінде, «ҚазАгро» Директорлар кеңесі деңгейінде мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау қажет», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның пайымынша, Үкіметтің «ҚазАгро» арқылы бөлген бюджеттік несиесін өтеуге тиісті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өз міндеттемелерін жаппай орындамауы мүмкін. Р.Ошақбаевтың сөзіне қарағанда, фермерлерді несиелендіруге бюджет тарабынан 40 млрд. теңге бөлінген.

«Ағымдағы жылы астық сапасы төмен әрі дымқыл. Сондықтан да астық бағасының жоғары болғандығына қарамастан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің бұл міндеттемелерін дер уақытына орындауына қаржылары болмауы мүмкін», - деді ол. 

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер