astana-view

Прокуратура органдары мен өңірлердегі кәсіпкерлік палаталардың бірлескен іс-шараларының үлгілік жоспары әзірленді - Т.Құлыбаев

2014 жылғы 28 Қазан
2373 просмотров

Прокуратура органдары мен өңірлердегі кәсіпкерлік палаталардың бірлескен іс-шараларының үлгілік жоспары әзірленді. 

Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасында өткен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесте ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев мәлім етті.

«Біз кәсіпкерлік қызмет үдерісінде барлық облысқа тән бірқатар мәселелердің орын алып отырғандығын анықтадық. Ең біріншіден, бұл - жер қатынастарына, сәулет пен құрылысқа, салықтық және монополияға қарсы мәселелерде, мемлекеттік сатып алу, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау және монополистердің техникалық шарттарына қатысты мәселелер.  Бұл түйткілдердің барлығын  топтастырдық және біздің бірлескен жұмыстарымыз жоғарыда атап өткен барлық бағыттар бойынша жүргізілуде. Бүгінгі таңда біз прокуратура органдары мен өңірлердегі кәсіпкерлік палаталарының бірлескен іс-шараларының үлгілік жоспарын әзірледік», - деді Т.Құлыбаев.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестер құрылған. Олардың жұмыстарына прокуратура органдары белсенді атсалысуда.

«Бас прокуратура біздің өтініштерімізді тыңғылықты қарауда. Жалпы, Бас прокуратура тарабынан 7 қадағалау наразылығы енгізілді. Олардың 6-ауы  қазіргі уақытта қанағаттандырылды», - деді ол. 

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер