astana-view

Бірлесе жұмыс жүргізетін бірінші кезектегі салалар анықталды

2014 жылғы 28 Қазан
2249 просмотров

Бүгін Бас прокуратурада Бас прокурор Асхат Дауылбаев пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиуымының төрағасы Тимур Құлыбаевтың және аймақтық прокурорлардың, кәсіпкерлер палаталарының, сондай-ақ облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі орынбасарларының қатысуымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өткен кеңесте қос ведомствоның бірлесе жұмыс жүргізетін бірінші кезектегі салалары анықталды, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Басқосуда Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп түсетін арыздарды ескере отырып, бірлескен жұмыс жүргізілетін бірінші кезектегі салалар анықталды, олар: жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, табиғи монополия субъектілерінің жүйелеріне қосылу үшін қажетті техникалық шарттарды алу, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді мемлекеттік қаржылық қолдау, кәсіпкерлік субъектілерін нарықта басым немесе монополиялы жағдайдағы нарық субъектілерінің тізіліміне қосу негізділігі мәселелері бойынша болып табылады.

Сонымен қатар, Бас Прокурор облыс прокурорларына Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтық бөлімшелерімен тығыз өзара қарым-қатынаста аталған бағыттар бойынша талдау жүргізуді тапсырды.

Кеңеске қатысушылар бизнесті дамыту мәселелері бойынша өзекті проблемаларды шешуге, кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, сала мамандарынң алдын ала жүргізген сараптамалық талдауы нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтің дамуына кедергі келтіретін заңдылықтың айтарлықтай бұзылуларын анықтағандығы айтылған болатын. Онда кәсіпкерлердің құқықтары жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларында жиі бұзылатындығы және көп жағдайда бұл кедергілер қолдан жасалатыны да жария етілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер