Қазақстандық кәсіпкерлер өз құқықтарын білуі тиіс
Қазақстандық бизнес өкілдерінің құқығы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларында жиі бұзылады.
Бұл туралы Бас прокуратурада өткен бейне-конференция барысында айтылды. Биыл Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 3,5 мың арыз келіп түскен. Бизнеске қойылатын тосқауыл көбіне-көп қолдан жасалады. Мамандардың айтуынша, атқарушы билік өкілдері кәсіпкерлерден заң бойынша талап етілмейтін құжаттарды сұрайды. Салдарынан, кәсібін ұлғайтуға ниетті адам құжат-бастылықтан көз ашпайды. Осындай олқылықтарды болдырмау үшін, прокуратура органдары мен кәсіпкерлер палатасы - әкімшілік кедергілерді анықтау және жою бойынша іс-шаралар жоспарын мақұлдады. Сондай-ақ, Бас Прокурор Асхат Дауылбаев жиынды ғаламтор желісі арқылы бақылаған өңірлік құзырлы орган өкілдеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.
Асхат Дауылбаев, ҚР Бас прокуроры:
- Бәріміздің алдымызда үлкен әрі маңызды мақсат тұр. Ол - шағын және орта бизнесті, тұтас кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған Елбасының тапсырмасын орындау. Сондықтан кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік бермей отырған кедергілерді анықтап, оның нәтижесінде тиісті шараларды қабылдауымыз қажет.
Источник: 24kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: