astana-view

Талдықорғандағы кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық меморандумына қол қойды

2014 жылғы 29 Қазан
4353 просмотров

Алматы облысының әкімдігі мен аймақтық кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық меморандумына қол қойды. «Бизнестің жол картасы», «Агробизнес», «Экспортер», «Жұмыспен қамту-2020» сияқты мемлекеттік бағдарламаларды енді тараптар бірлесе отырып жүзеге асырады. Келешекте аймақтың инвестициялық орталығын құру да жоспарда бар. Ол екінші деңгейдегі банктерге балама ретінде жұмыс істейді және кәсіпкерлерге шағын несие беретін болады. Облыс әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, өңірде бірнеше инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Әртүрлі саланы қамтитын бұл жұмыстарға кәсіпкерлердің де белсене қатысуы қажет,-деді облыс басшысы. Оларды ортақ іске жұмылдыруда құрылғанына бір жыл толған аймақтық кәсіпкерлер палатасының да өз үлесі болмақ. 

Алмагүл ОҢҒАРБАЕВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Бір жылдың ішінде талай жұмыстар атқарылды. Кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау жасалды. Құқықтық, экономикалық жағынан. Біздің Қазақстанымыз өркендеп, біздің облысымыз үлкен-үлкен жетістіктерге жетсін деген үлкен мақсатымыз бар.

Дерекнамасы: Kazakh TV


Еншілес ұйымдар

Серіктестер