astana-view

Кәсіпкерлер тарапынан 3000-нан астам өтініш түскен

2014 жылғы 29 Қазан
2040 просмотров

Елімізде бизнестің дамуына кедергі келтіріп жүрген шенеуніктер жауапқа тартылуы тиіс.

Бүгінде осы қатардағы 21 азаматтың есімі белгілі. Жалпы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлер тарапынан 3 мыңнан астам өтініш пен шағымдар келіп түскен. Оның 2200-і өңірлік бөлімшелерге, ал қалғандары орталық аппаратқа жолданған. Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың айтуынша, барлық мәселелер жіті қаралуда, 30%-ы оң шешімін тапқан. Кәсіпкерлер көп жағдайда жер алу мәселесінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан кедергілерге кезігеді. Осы жайтқа байланысты 500-ге тарта өтініш қабылданды. Ал салық органдарының қызметіне 157 азамат шағым жасаған. Сондай-ақмемлекеттік сатып алу үдерістеріне және табиғи монополия субьектілерінің әрекетіне қатысты өтініштер қаралды.

Нұржан Әлтаев, ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

- Қыркүйек айынан бастап орталық кеңес пен өңірлік кеңестер бірлескен отырыстар өткізіп жатыр. Атқарылған жұмыстар бойынша 21 лауазымды тұлға аталған болатын. Бұл енді лауазымды тұлғалардың есімін атау арқылы алдағы уақытта қандайда бір әрекеттерге бармас бұрын ойланатын болады.

Дерекнамасы: 24kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер