astana-view

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

2014 жылғы 03 Қараша
3353 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлердің палатасының құрылғанына 1 жыл толып отыр. Осы орайда Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров облыстың бас бизнес алаңына жиналған көпшілік алдында есеп берді. Шараға ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов, Өңірлік кеңес Төрағасы Асқар Махамбетов және мемлекеттік орган басшылары, қаржы институттарының өкілдері мен облыс кәсіпкерлері, өңірлік кеңес мүшелері қатысты деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасаған Businessnews.kz.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеттерінің бірі – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, олардың мүдделеріне өкілдік ету болып табылады. Осы орайда жыл басынан бері кәсіпкерлердің құқығын қорғау Кеңесінің 3 отырысы өткізілген. Кеңесте 9 сұрақ қарастырылып, жылдық қорытындысында 500,0 млн. теңгеден астам қаржы кәсіпкерлердің пайдасына шешілген» – деді ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Нұржан Әлтаев.

Ұлттық палатамен заң шығару мәселелеріне ревизия жүргізу барысында 410-нан астам өзгерістер енгізіліп, оның 239-ы ҚР Үкіметінің рұқсат беру жүйесін жетілдіру жөніндегі ведомоства аралық комиссия отырысында мақұлданды. Қадағалаушы органдардың заңсыз тексеру қызметіне жедел әрекет ету мақсатында облыстық прокуратурамен бірлескен мобильді топ құрылып, оның аясында 7 рейд ұйымдастырылды.

Өтінімдер статистикасына сәйкес, бүгінгі күнге келіп түскен өтінімдер саны 3 148, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 2 025, аудандарда 1120, оларға 6 600-ден астам кеңестер берілді, 71% (4694) облыс орталығында, 29% (1958) аудандарда. БЖК-2020 мемлекеттік бағдарламасының 4-ші бағытының аясында бүгінгі таңға 590 кәсіпкерге сервистік қолдау көрсетілді. Ал негізгі жылдық жоспар 300 кәсіпкер болатын. Осы орайда мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру- 2 207 кәсіпкер, қаржыландыру бойынша кеңес беру -700 кәсіпкер кеңес алған.

Палатаның негізгі жұмыстарының бірі тегін негізде бизнес жоспарларды әзірлеу. Барлығы 1 млрд. теңгеден астам сомаға 68 бизнес-жоспар тегін әзірленді.

Бүгінгі күні Палата облыс бойынша 197,5 млрд. теңгеге бағаланған 104 инвестициялық жобалардың реестрін жүргізуде. Оның ішінен 21,0 млрд. теңгенің 12 локомотивті жобасы іріктеліп алынды. Бұл жобалар: ет және жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары, ұн тарту комбинаты, құрама жем зауыты, Арал қаласындағы балық өңдеу зауыты, ет өңдейтін комплекс және басқалары.

Қазіргі уақытта барлық жобалар бойынша тұрақты түрде сүйемелдеу және іске асырылу барысына мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Палатаның бастамасымен Өңірлік кеңестің 17 отырысы өткізіліп, онда 40 мәселе қаралып, өңірлік бизнес қауымдастықтың мүддесін қорғайтын 55 ұсыныстар енгізілді. Палата отырыстарының қорытындысы бойынша шағын орта бизнесті дамыту жағдайларын жақсарту мақсатында бірқатар тереңдетілген талдау жұмыстары жүргізілді және жергілікті атқарушы органдарға тиісті ұсыныстар берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер