astana-view

Атырауда 20 кәсіпкердің проблемасы бір сағатта шешімін тапты

2014 жылғы 06 Қараша
2371 просмотров

Атырауда жер телімін және жапсарлас құрылыс жүргізуге рұқсат алуға, сонымен бірге, эскиздік жобаны бекітуге қатысты түрлі қиындықтарға ұшыраған 20 кәсіпкердің проблемасы бір сағатта шешімін тапты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалымен және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысы жемісін бере бастады. Атырау қалалық әкімдігі жанындағы жер қатынастары мәселелері жөніндегі комиссия отырысында бірден 20 кәсіпкердің өтініші қанағаттандырылды. Өтініштерде айтылған нысанның бастапқы мақсатын өзгертуге, жапсарлас құрылыс жүргізуге рұқсат алу, жер телімін алу және эскиздік жобаны бекіту секілді мәселелер бір сағаттың ішінде оң шешімін тапты.

«Кәсіпкерлер палатасының араласуымен жер қатынастары жөніндегі комиссияның жұмысында ашықтық байқала бастады. Біз олардың отырыстарына қатыспасақ та, палата өкілдері біздің құқығымыз бен мүддемізді қорғайтынына сенеміз. Соның дәлеліндей, бірден 20 кәсіпкердің өтініші оң шешімін тапты. Бұрын дәл мұндай жағдай болған емес», – дейді атыраулық кәсіпкерлер.

Комиссия отырысына қатысушылар кәсіпкерлер өтінішінің заңдылығына көз жеткізді. Енді көп ұзамай Атырау қаласында кәсіпкерлердің халыққа қызмет көрсетуге арналған нысандарының саны артатындығы белгілі болып отыр.

Дерекнамасы: Егемен Қазақстан


Еншілес ұйымдар

Серіктестер