Кәсіпкерлерді қолдау бойынша бірыңғай бағдарлама қабылданбақ
Қазақстанда келер жылдан бастап кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған бірыңғай бағдарлама қабылданады. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев брифинг барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, ел өңірлерінде мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жұмысы үйлестірілмеген. Сол себепті кәсіпкерлерге құжат жинау жөнінен енді 1-ақ оператор қызмет көрсететін болады. Сондай-ақ "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына тағы да бірқатар өзгерістер енгізілмек.
Нұржан ӘЛТАЕВ, ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында қағазбастылыққа әлі де жол беріліп отыр. Қазіргі таңда біз Ұлттық экономика министрлігі Даму қоры, Бәйтерек холдингімен бірге "Бизнестің жол картасы" бағдарламасына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Құжатта мемлекеттік қолдау көрсету мерзімдері қайта қарастырылады.
Дерекнамасы: Kazakh TV
Пікір қалдыру:
Пікірлер: