astana-view

Билік пен кәсіпкерлердің өзара белсенді іс-қимылы – бизнесмендердің ертеңгі күнге сенімінің кепілі – Абылай Мырзахметов

2014 жылғы 11 Қараша
2033 просмотров

«Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов партия мен Ұлттық палатаның және Мәжілістегі партия фракциясының өзара тығыз іс-қимылы кәсіпкерлердің отандық бизнестің дамуы мен қолдауына деген сенімін нығайта түсетінін айтты.

«Нұр Отан» партиясымен «Мықты бизнес –Қуатты мемлекет» партиялық жобалары және басқа да сындарлы бастамалары шеңберінде және Ұлттық палатаның Үкіметпен, Мәжілістегі партия фракциясының депутаттарымен мүдделі диалогы кәсіпкерлердің мемлекеттің алдағы уақыттағы отандық бизнесті қолдауына деген сенімін нығайта түседі», - деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Және ол биылғы жылы Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлініп, оның 100 миллиардының «Бәйтерек» холдингі және екінші деңгейдегі банкілер арқылы тиімді игерілгенін тілге тиек етті.  

«Бұл азық-түлік өндірісіне басымдық бере отырып, өндіруші салаға көрсетілген үлкен қолдау. Айталық, соңғы жылы шағын және орта бизнестің өнімінің өсімі біржарым триллион теңгені құрады. Екі жылда белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 50 мыңға дейін өсіп, 850 белсенді субьекті болды. Шағын және орта бизнестегілердің саны 150 мың адамға көбейіп, шамамен 2 миллион 800 мың адам болды»,  деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, елімізде «Бизнестің жол картасы», «Агробизнес-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және т.б. жобалары табысты іске асырылуда.  

«Бизнестің жол картасы» шеңберінде 2014 жылы 80 млрд теңгенің 4,5 мың жобасы субсидияланды, кәсіпкерлігін бастаған 23 адамға 600 млн. теңгенің гранты берілді. Өз кезегінде «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде 291 қарызгердің 312,4 млрд теңгеге несиесінің төлемі азайтылды. Бұл қажетті және дер кезіндегі көрсетілген көмек», - деді Абылай Мырзахметов.

Спикердің пікірінше, Мемлекет басшысы қол қойған кәспкерлерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы Қаулы мемлекеттік органдардың бақылау-қызметін реформалау үшін бұрын-соңды болмаған жағдай жасады.  

«Рұқсат ету құжаттарының саны 30% қысқарды, біздің Фракцияның қолдауымен жаңа рұқсаттар мен кедергілерге тосқауыл қойған «Рұқсаттар мен ескертулер туралы» бірыңғай заң қабылданды. Міне осылайша жоспарлық тексерулер алынып тасталатын болады, әлемдік өлшемдердің негізінде тәуекелді бағалаудың жүйесі енгізілді, кәсіпкерлердің жауапкершілігін сақтандыру институты іске қосылды. Аталған реформа бизнестің мүддесін қорғауға зор үлес қосады», - деді Абылай Мырзахметов. 

Еске сала кетейік, партияның Саяси кеңесі – бұл партия Төрағасы немесе Саяси кеңес Бюросы қажеттілікке орай съездер аралығында шақыратын партияның жоғары өкілді органы. Саяси кеңес шешімі оған қатысушы мүшелердің басым даусымен қабылданады.

Қазіргі таңда аталмыш жиынға Саяси кеңес мүшелері – Үкіметтің, Парламенттің,  Президент Әкімшілігінің басшылығы, «Нұр Отанның» Мәжілістегі Фракциясының депутаттары, Жоғарғы Соттың, Ұлттық Банктің, Есеп комитетінің төрағалары, Бас прокурор, министрлер, облыстық филиалдардың басшылары – облыс әкімдері, сонымен қатар, партияның облыстық мәслихаттардағы фракцияларының депутаттары қатысуда. 

Дерекнамасы: nurotan.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер