astana-view

ҚР Жоғарғы Соты мен ҚР ҰКП өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2014 жылғы 13 Қараша
2408 просмотров

Бүгін Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Жоғарғы Сот тарапынан Департамент басшысы Ілияс Испанов, ал ҰКП тарапынан Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Мұқаев қатысты.

ҚР ҰКП Тұтынушылар құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Ғани Қасымовтың айтуынша, кәсіпкерлер палатасы мен сот билігі органдарының арасындағы өзара ынтымақтастық жаңа деңгейге шығып, ол республикалық және өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылды арттыруға негіз болады.

«Өздеріңіз білесіздер, биылғы 25 тамызда Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің басшылығымен өткен селекторлық кеңесте кәсіпкерлер палатасы осындай меморандумға қол қоюды ұсынған болатын. Қ. Мәми бұл бастаманы бірден қолдап, өзінің келісімін берген. Енді, міне, біз әріптестіктің жаңа сатысына шығып отырмыз», - деді ол.

Өз кезегінде Жоғарғы Сот өкілі І. Испанов құжаттың қызметіне тоқталып өтті.

«Меморандум заң үстемдігі, әділеттігі мен ашықтық қағидаттарына негізделген кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі ынтымақтастыққа қол жеткізуді көздейді. Құжат кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелеріндегі өзара іс-қимыл; кәсіпкерлік субъектілері қатысқан сот істерін қарау кезінде кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету; экономикалық сипаттағы дауларды қараудың баламалы және сотқа дейінгі нысандарының ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуіне әдістемелік және құқықтық жәрдем көрсету, сондай-ақ, сот жүйесінің қызметі туралы кәсіпкерлерді кеңінен хабардар ету бағытындағы өзара іс-қимыл шаралары бойынша қызмет ететін болады», - деп атап өтті ол. 

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер