Кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын меморандумға қол қойылды
Елбасының Жолдауында айтылған кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі тапсырма іске аса бастады.
Бүгін Астанада кәсіпкерлердің сот алдындағы құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойылды. Құжат Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жасалған. Меморандумды іске асыру барысында өтетін сот істерінің ашықтығын арттыру, заңнамаларды жетілдіру, сотқа дейінгі мекемелерге жүгінуді қамтамасыз ету сияқты бағыттар қарастырылады.
Дерекнамасы: 24kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: