astana-view

Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы бизнесті бастаудың жолдарын үйретеді

2014 жылғы 13 Қараша
2151 просмотров

Бүгін брифингте Ұлттық палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осылай деді. Төраға ол үшін «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты кітапты нұсқаулыққа алу керек дейді. Туынды Елбасының тапсырмасымен биыл басылып шыққан еді. Анықтамалық кітапта «Агробизнес», «Бизнестің жол картасы» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және көптеген мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен бизнес ашудың жолдары қарастырылған.

Абылай Мырзахметов Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы
-Сондай-ақ бұл жобалар бойынша «ҚазАгро» ауылшаруашылық несие корпорациясының «Сыбаға» бағдарламасына қатысуға болады. Шағын несиелік ұйымдармен де жұмыс істеуге болады. Оларда бірақ сәл қымбатырақ. Дегенмен кепілсіз несие алуға болады. Олардың пайызы ломбардтық несие сияқты. 25-тен 35 пайызға дейін. Сонымен қатар әрине, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бойынша 3 млн теңгеге дейін несие алуға болады.

Дерекнамасы: Хабар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер