astana-view

«ШОБ-қа арналған 100 жоба» кітабын кәсіпкерлер тегін жүктеп ала алады – А.Мырзахметов

2014 жылғы 13 Қараша
3315 просмотров

«Шағын және орта бизнеске арналған 100 жоба» атты кәсіпкерлік туралы кітапты кез келген адам «Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының» ресми сайтынан жүктеп ала алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» Басқарма төрағасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Естеріңізде болса, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысында А.Мырзахметов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында осы кітап туралы ақпарат берген еді. 

«Шағын және орта бизнеске арналған 100 жоба» атты кітапты шығару Елбасының тапсырмасы болатын. Кітап бойынша негізгі жұмысты біздің сарапшылар жүргізді. Кітаптың 30 мың данасын шығаруға сол кездегі Мәдениет және ақпарат министрлігі көмектескен. Ол кітаптардың барлығы біздің филиалдар арқылы кәсіпкерлердің қолына жетті. Кітап қазақ және орыс тілдерінде шықты. Ал, кітаптың қазақ және орыс тілдеріндегі электронды нұсқасын кез келген кәсіпкер Палатамыздың ресми сайтынан таба алады. Оны тегін жүктеп алуға болады. Бұл кітап кәсіпкерлерге көмегін тигізіп жатыр. Менің білуімше, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кәсіпкерлер осы кітаптың көмегімен өз істерін ашқан. Сондықтан, көмегі көп тиед», – дейді А.Мырзахметов.

А.Мырзахметов кәсіпкерлер Елбасының биылғы Жолдауына үлкен қолдау білдіріп отырғанын айтты. 

«Кәсіпкерлік қауымдастық «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын өте орынды, өте маңызды құжат екенін айтуда. Кәсіпкерлердің қолдауы үлкен, себебі Жолдауда Елбасы әлемдік нарықтағы жағдайға қарамастан, елдің экономикасын төмендетпей дамыту туралы міндет қойды. Экономиканы төмендетпей дамыту кәсіпкерлерге байланысты»,-дейді А.Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер