Ақмола облысында кәсіпкер балдан дәрі жасау өндірісін жолға қойды
Ақмола облысы Бұланды ауданының омарташысы Николай Вишнев ара шаруашылығы өнімдерінен дәрі-дәрмек жасау өндірісін жолға қойды. Патент алуға оған өңірлік Кәсіпкерлер палатасы көмектесіпті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Омарташылық – Николай Вишневке атасынан қалған кәсіп. Бал арасын өсіріп, баптауды да сол атасынан үйренсе керек. Таяуда өз ісінің шебері ара шаруашылығы негізінде дәрі-дәрмек шығаруға бел буады.
«Ара шаруашылығы негізінде препараттар жасаудың бірқатар артықшылығы бар, өйткені оның құрамында тұтас биологиялық белсенді заттар кешені болады. Тіпті аз ғана бөлігі физиологиялық тиімділік береді, кері әсері аз, ағзаға тез сіңеді», - дейді кәсіпкер.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: