astana-view

Кәсіпкерлердің алдындағы басты міндет - Жолдауды жігерлене орындау - А. Мырзахметов

2014 жылғы 13 Қараша
2303 просмотров

Қазақстанның кәсіпкерлерінің алдындағы басты міндет - Жолдауды жігерлене орындау. Бүгін Мемлекет басшысының жаңа экономикалық саясатқа негізделген «Нұрлы жол» Жолдауына арналған брифинг барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осылай мәлім етті.

«Біз бұған дейін де өзіміздің тарапымыздан, өңірлердегі ірі кәсіпорындар арқылы бизнестік көңіл күйді білдіретін сауалнамалар жүргізіп келген едік. Әлем нарығында, көршілес елдерде орын алған ахуалдарға, санкцияларға қатысты теріс құбылыстар орын алған жоқ. Дегенмен,, бұндай көңіл күй орныға бастаған болатын әрі оны жасыру да мүмкін емес. Ал осы тұрғыдан келсек, Елбасының Жолдауы теріс әсер етуі мүмкін құбылыстың алдын алды деп айтуға келеді», - деді ҰКП Басқарма төрағасы.

Бұл ретте А. Мырзахметов Президент тарапынан қандай бағытқа көңіл бөлу, неге басымдық беру секілді мәселелер толық айқындалғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұның бәрі кәсіпкерлер үшін сенімділікті арттыра түседі. «Ендігі басты міндет - Жолдауды жігерлене орындау», - деді А. Мырзахметов. 

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер