astana-view

Қазақстанның кәсіпкерлер қауымдастығы Елбасы Жолдауының маңыздылығын қуаттайды - А. Мырзахметов

2014 жылғы 13 Қараша
3251 просмотров

Қазақстанның кәсіпкерлер қауымдастығы Елбасы Жолдауының маңыздылығын қуаттап отыр. Бүгін Мемлекет басшысының жаңа экономикалық саясатқа негізделген «Нұрлы жол» Жолдауына арналған брифинг барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осылай мәлім етті.

«Әлемдік нарық турбулентті жағдайда екені, көршілес елдердегі ахуалдар да оңай еместігі белгілі, ал бұндай жағдайда ұлттық экономиканы құлдыратпай дамыту өзекті. Ал бұндай дамудың нәтижесі ең біріншіден кәсіпкерлерге байланысты. Сондықтан да, жаһандық нарықтағы қиындықтарға қарамастан, бизнес қауымдастыққа мемелкет тарапынан көмек көрсетілгелі отыр. Бұл - аса маңызды қадам, кәсіпкерлер үшін де зор көмек», - деді ҰКП Басқарма төрағасы.

Бұл ретте А. Мырзахметов бизнес қауымдастығының тарапынан да Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға жәрдемі болатынына сендіреді.

«Елбасы әлемдік ахуалға қатысты жаңа экономикалық саясатты жариялап, жақын аралықтағы 2-3 жылғы басымдықтарды айқындап берді. Ең бастысы қоғамның әлеуметтік сезімі төмендемейді. Президент мемлекет тарапынан алынған міндеттемелерді ешқандай да төмендетпеу туралы тапсырманы бергені соның айғағы. Бұдан бөлек, жұмыспен қамту бағытында инфрақұрылымдарды қолдау жоспары да дер кезінде көтеріліп отыр», - деді А. Мырзахметов.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер