astana-view

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары бизнесті жүргізуге жайлы жағдай жасағаны үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасына алғыс айтады

2014 жылғы 19 Қараша
5507 просмотров

ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнесті жүргізуге жайлы жағдай жасағаны үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасына алғыс білдірді. Бұл туралы Палатаның атына келген хатта айтылған

«ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнес пен биліктің серіктестігі негізінде ҚР жеңіл өнеркәсіп саласында кәсіпкерлікті дамыту үшін жайлы жағдай жасағаны үшін алғысын білдіреді. Сіздерге шағын және орта бизнес мүдделерін қорғау, Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіпті дамыту жолындағы жұмысты жалғастыруды тілейміз», – деп алғысын білдірді 15 жылдығын атап өткен қауымдастық президенті Любовь Худова.

15 жыл бойы қауымдастық Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қалыптасуына және бейіндік заңнамалық, нормативтік базаның жетілдірілуіне жәрдемдесіп келеді. Атаулы күн Алматы қаласында өткен IV Орталық Азия сауда форумы аясында аталып өтті. Іс-шарада кәсіпорындар көрмесі, жеңіл өнеркәсіп мәселелері бойынша секциялық талқылаулар, сондай-ақ ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының 15 жылдығына арналған қазақстандық өндірушілер топтамаларының тұсау кесері өтті. Сонымен қатар Орталық Азия Дизайн және сән одағы құрылып, бірқатар шетелдік қауымдастықтармен меморандумдарға қол қойылды. Сондай-ақ ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы Төралқасының шешімімен нарықта табыспен еңбек етіп келе жатқан кәсіпорындардың егде жастағы басшылары мен жас кәсіпорындар тізімі бекітілді. Олар және қауымдастықтың серіктестері медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды. 

Қауымдастықты Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы, «ДАМУ» Қоры, Қазақстан Кәсіпкерлерінің форумы, Қырғызстанның «Жеңіл өнеркәсіп» Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы, сондай-ақ Түркия, Дания және басқа да көптеген елдерден келген әріптестері мен серіктестері құттықтады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер