astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Өзін-өзі реттейтін ұйымдар туралы» Заң жобасы талқыланды

2014 жылғы 20 Қараша
4345 просмотров

2014 жылғы 19 қарашада ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнеске Қазақстан Республикасында өзін-өзі реттеу моделі таныстырылды («Өзін-өзі реттейтін ұйымдар туралы» заң жобасының тұжырымдамасы). Жоба бейнеконференция форматында салалық қауымдастықтармен және өңірлік кәсіпкерлер палатасымен талқыланды.

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұрлан Мұқаев өзін-өзі реттейтін ұйымдар (ӨРҰ) қызметін реттемелейтін заң жобасы Елбасы берген тапсырма бойынша дайындалғанын атап өтті.

«Президент заңнамалық негізде ұсынылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сапасын бақылау мәселелерін бизнестің өзбетінше реттеуі үшін жағдай жасау қажеттігін атап өткен болатын. Шетелдерде кәсіпкерлердің мұндай бірлесу басымдылықтарын сезінуіне қарай, өзін-өзі реттеу институтының дамуы кезең-кезеңмен жүрген. Бүгінгі кезеңде өзін-өзі реттеу мәселелерін жөнге салу қажеттілігі объективті түрде пісіп-жетілді, осыған орай осы заң жобасын әзірлеуге барлық қауымдастықтар мен кәсіпкерлердің белсене ат салысуын сұраймын», – деп бизнес-қоғамдастыққа жүгінді Нұрлан Мұқаев.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілі Ерлан Бозурбаев баяндама жасады. Оның айтуынша, ӨРҰ жүйесі мемлекеттік реттеуге біршама тиімді балама болады. Өзін-өзі реттеу ұйымның салалық ережелері мен стандарттарын енгізу есебінен кәсіпкелердің тауарлары, жұмыстары мен қызметтерінің сапасы мен қауіпсіздігін көтеруге бағытталған. Заң жобасы кәсіпкерлік субъектілерінің (заңды тұлғалардың) ерікті түрде ӨРҰ-ға бірігуін көздейтін болады деп болжануда.

Заң жобасы белсенді түрде талқыланып, бизнес-қоғамдастық өкілдері бірқатар сындарлы ұсыныстар мен ескертулерін енгізді. Ұлттық палата барлық мүдделі тұлғалардың өз ұсыныстарын 2014 жылғы 1 желтоқсанға дейін мына электронды мекен-жайға жіберуін сұрайды: a.bizhanova@palata.kz .

«Өзін-өзі реттейтін ұйымдар туралы» ҚР Заңының жобасымен мына жерде егжей-тегжейлі таныса аласыз. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер