astana-view

Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі жобасын даярлау жөніндегі сараптау тобының қорытынды сессиясы өтті

2014 жылғы 20 Қараша
3585 просмотров

11-14 қараша аралығында Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі жобасын даялау бойынша Сараптау тобының соңғы 11 сессиясы мәресіне жетті.

Талқыланып, аяқталған дүниелер:

2014 жылғы 10 қарашадағы Жұмыс тобы шешімін орындау аясындағы Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі жобасының (бұдан әрі – ЕАЭО КК жобасы) нормалары;

ЕАЭО КК жобасының тауарларды шығарумен байланысты кеден операциялары және тауарларды шығаруға қатысты жекелеген ережелері;

ЕАЭО КК жобасының тауарлардың кедендік құны мен жеке тұтынуға арналған тауарлар құнына қатысты жекелеген ережелері;

ЕАЭО КК жобасының кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерін орындауды қамтамасыз етуге қатысты ережелері;

ЕАЭО КК жобасының ішкі нарықты қорғау шараларын қолдануға қатысты жекелеген ережелері;

ЕАЭО КК жобасының мүше мемлекеттердің бірінде ішкі тұтыну үшін шығарудың кеден процедурасына орналастыруда кеден баждарының төмендетілген мөлшерлемелері қолданылған тауарларға қатысты кеден баждарын, салықтарын төлеу мерзімдеріне қатысты ережелері;

ЕАЭО КК жобасының өтпелі ережелері.

Еуразиялық экономикалық комиссия ақпараты бойынша, 2014 жылғы қараша айының соңында-желтоқсан айының басында ЕАЭО КК жобасы мемлекетішілік келісу процедураларын өткізу үшін КО және БЭК мүше мемлекеттерінің үкіметтеріне жолданатын болады.

Іскерлік топтар ұстанымдарын даярлау үшін аз ғана уақыт қалды, осыған орай Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ЕАЭО КК, ЕАЭО КК туралы Шарты жобалары бойынша ұсыныстар мен ескертулерді даярлау процедурасын қазірден қолға алуды сұрайды.

Барлық мүдделі тұлғалардың құжаттар жобаларына ұсыныстары мен ескертулерін мына электронды мекен-жайға жолдауды сұраймыз: a.nurmaganbetova@palata.kz.

Сараптау тобының 11 отырысы қорытындысымен мына жерде танысуға болады.

Сараптау тобы 11 отырысының Хаттамасымен мына жерде танысуға болады.

Одақтың КК жобасымен мына жерде танысуға болады.

Одақтың КК туралы Шарты жобасымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер