astana-view

Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы өз ұсыныстарын жеткізді

2014 жылғы 26 Қараша
3197 просмотров

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «ҚазАгро» агроөнеркәсіп кешенінің еншілес компанияларына аудандық бөліністе басым бағыттар бойынша жобаларды қаржыландыру индикаторын енгізуді ұсынып отыр. Өңір басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен кәсіпкерлер кеңесінде облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов осылай деді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Палата директоры Р. Досмаханов Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған негізгі бағыттардың бірі – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін Ұлттық қор арқылы жасалып жатқан көмектің дер шағында беріліп жатқандығын айта келіп, кеңес төрағасына шағын кәсіпорындар мен ауылдық жердегі кәсіпкерлер үшін қаржылық ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар маңызды ұсыныстарын жеткізді.

Р. Досмаханов: «Облыстық кәсіпкерлер палатасы ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді облыс әкімінің шешімімен құрылған «Қызылорда» аймақтық инвестициялық орталықтың старт-ап жобаларын қаржыландыру бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік беруді, «ҚазАгро» агроөнеркәсіп кешенінің еншілес компанияларына аудандық бөліністе басым бағыттар бойынша жобаларды қаржыландыру индикаторын енгізуді, аудан әкімдіктеріне мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландырылған жобалар саны индикаторын бекітуді ұсынды», – деді.

Бұл ретте ол өңірлік кәсіпкерлер палатасының барлық ауданда орналасқан филиалдары мен ондағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мемлекеттік бағдарламалар бойынша жобаларды қаржыландыруға дейін әдістемелік көмек көрсетуге әзір екендігін айтты.

Дерекнамасы: Егемен Қазақстан


Еншілес ұйымдар

Серіктестер